
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні мен Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шара өтті.
Іс-шараға Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы, «Қазақтелеком» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, Қоғам құрылтайшылары, Орталық кеңес мүшелері мен депутаттар, IT-сарапшылар мен тіл мамандары қатысты.
Аталған іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов қатысты.
Қатысушылар алдында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының OpenAI компаниясымен бірлескен жобасы таныстырылды.
Сонымен қатар жасанды интеллект құралдарының дамуы, қазақ тіліндегі тілдік модельдер мен интеллектуалды технологиялардың мүмкіндіктері, қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі дамуы, сапалы тілдік деректердің маңызы және жасанды интеллект шешімдері мен цифрлық сервистері таныстырылып, тілдік кедергілерді азайту және қолжетімді цифрлық орта қалыптастыру мәселелері туралы маңызды ақпарат берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1285285?lang=ru

Жауап қалдыру