Қосшы қаласының прокуратурасы Жедел басқару орталығында бейнебақылау жүйесін жетілдіру және жасанды интеллект технологияларын енгізу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Қазіргі уақытта қала аумағында 1 440 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп, олардың көмегімен 3 045 әкімшілік және 12 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған. Сонымен қатар, бет-әлпетті тану функциясы арқылы пробациялық есепте тұрған тұлғалардың белгіленген талаптарды бұзу фактілері анықталған.
Қала аумағын бейнебақылаумен қамтуды арттыру мақсатында қосымша 500 камера орнату жоспарлануда.
Аталған шаралар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және «Заң мен тәртіп» қағидатын нығайтуға бағытталған.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1285269?lang=ru

Жауап қалдыру