
Әділет министрі Ерлан Сарсембаевтың төрағалығымен өткен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 709-отырысында бес бағыт бойынша реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары (РСКҚ) қаралды.
Атап айтқанда, капитал нарығы және сақтандыру, салықтық реттеу, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша заң жобаларына РСКҚ талқыланды.
Отырысқа ведомствоаралық комиссияның мүшелері, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1285214?lang=ru

Жауап қалдыру