«Roca group» компаниясының өндірістік жобалары талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Roca Group» компаниясының басшысы Даниэль Эрнандеспен кездесті. Кездесуде санитарлық-техникалық бұйымдар зауытын салу және компанияның өндірістік жобаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Биыл тамыз айында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың облысқа жұмыс сапары кезінде жыл соңына дейін смесительдер мен инсталляциялық жүйелерді құрастыру желісін іске қосу жоспарланғаны айтылған болатын. Қазіргі таңда құрастыру цехын орналастыру үшін «Панабек» және «Көлік құрылыс компаниясы» серіктестіктерінің өндірістік ғимараттары ұсынылды.
Сонымен қатар «Панабек» серіктестігі санитарлық-техникалық бұйымдарды өндіруге қажетті металл инсталляцияларын әзірлеп, компания өкілдеріне таныстырды. Өнім сапасы «Roca Group» компаниясының талаптарына сәйкес келген жағдайда, жергілікті кәсіпкерлермен өзара тиімді әріптестік орнату мүмкіндігі қарастырылады.
Жоба аясында жергілікті қамтуды арттыруға және компания өнімдерін өңірдегі құрылыс нысандарында пайдалануға басымдық беріледі.
Атап айтқанда, әлеуметтік нысандарға, Президент саябағы аумағындағы бес және үш жұлдызды қонақүйлерге осы бұйымдар қолданылады.
Облыс әкімдігі өңірдегі инвестициялық жобаларға және компанияға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1285124?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді