
Семей қаласындағы №4 жалпы орта білім беретін мектепке білім беру саласында 20 жылдық тәжірибесі бар білікті маман Чултуков Нартай Советханұлы директор болып тағайындалды. Педагогика ғылымдарының магистрі, математика пәнінің мұғалімі, мұғалім-сарапшы, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Ұлыбритания, Сингапур, Қытай және Ресейдің білім беру жүйелерін зерделеп, халықаралық тәжірибе жинақтаған. Мұғалім, директордың орынбасары және мектеп директоры қызметтеріндегі мол басқарушылық тәжірибесі бар. Шәкірттері облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми конкурстарда жүлделі орындарға ие болған. Жаңа басшының кәсіби білімі мен басқару тәжірибесі мектептің білім сапасын арттыруға және одан әрі дамуына бағытталатын болады.
2023-2024 ж. Семей қаласы, «Жас Абай» жекеменшік мектебінің директоры;
2024-2025 ж. Семей қаласы, «Нартай Шолтық» математикалық жекеменшік мектебі жетекшісі; №51 келешек мектебінің мұғалімі;
2025-2026 ж. Көкпекті ауданы, Көкпекті орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-semey/press/news/details/1285368?lang=kk

Жауап қалдыру