ШҚО-да полиция қарақшылық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО-да полиция қарақшылық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» ұстады

ШҚО ПД Жедел басқару орталығының 102 арнасына қала орталығындағы Назарбаев даңғылында күндізгі уақытта орын алған тонау фактісі туралы хабарлама түскен.

Әйел адамның айтуынша, бір дүкен маңында белгісіз ер адам оның мойнындағы алтын алқасын жұлып алып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші сол жерде қалып, полицияның келуін күткен.

Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері дереу күдіктіні іздеуге кірісті. Бейнебақылау камераларының көмегімен полицейлер оның қозғалыс бағытын анықтады. Көп ұзамай ер адам оқиға орнына жақын маңдағы аулалардың бірінен байқалды.

Полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің арқасында 37 жастағы ер адам ізін суытпай ұсталды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті өзіңізге немесе айналаңыздағы адамдарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда, сондай-ақ қауіп төнген кезде бұл туралы дереу «102» арнасына хабарлау қажеттігін ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1285199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді