Сұрақ-жауап

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шетелдік бағалы қағаздарды өткізуден алынған кірісті сальдолық есепке алу

 Сұрақ: 2025 жыл үшін шетелдік бағалы қағаздарды өткізуден алынған салық салынатын кірісті айқындау кезінде кірістерді, оның ішінде бағалы қағаздар, опциондар және туынды қаржы құралдары бойынша кірістерді сальдолық есепке алуға жол беріле ме?

Жауап: Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 2025 жылғы 01 қантардағы редакциясындағы 332-бабында Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген бағалы қағаздар бойынша кірістерді сальдолық есепке алу көзделген.

Опциондар туынды қаржы құралдарына (ТҚҚ) жатады, олар бойынша салық салу мақсатында залалдар бөлек есепке алынады және классикалық бағалы қағаздар (акциялар) бойынша құн өсімімен біріктірілмейді.

Осылайша, 2025 жыл үшін кірісті айқындау кезінде сальдолық есепке алуға (залалдарды есепке алуға) тек біртекті құралдар шеңберінде жол беріледі. Бағалы қағаздармен жасалған операциялардан алынған залалдар тек бағалы қағаздар бойынша кірісті азайтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1285020?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді