
Жетісу облысы тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі – басты назарда.
Осы бағыттағы жұмыстар аясында Жетісу облыстық мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Римма Салықова және облыстық мәслихатының тұрақты комиссия төрағасы Ермек Егінбаев Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерімен бірге Талдықорған қаласындағы ірі сауда орындарын аралады.
Депутаттар шаһардағы «TOIMART», «MAGNUM» және «SMALL» гипермаркеттеріндегі халық көп тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларымен танысты.
«Басты мақсатымыз – халыққа қажетті азық-түлік өнімдерінің баға тұрақтылығын сақтау. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жалғасады», – деді облыстық мәслихат депутаттары
Алдағы күндері бақылау жұмыстары қаланың ірі базарлары мен шағын сауда орындарында да жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1285093?lang=ru

Жауап қалдыру