
Түпқараған ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы тұрғын үй-коммуналдық қызметінің маманы Ж. Джартыковамен бірлесіп, санитарлық тазалықты сақтау және абаттандыру қағидаларының орындалуын бақылау мақсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында көшелер мен қоғамдық орындардың санитарлық жағдайы тексеріліп, тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар елді мекен аумағында қараусыз жүрген ауыл шаруашылығы жануарлары анықталып, олардың иелеріне қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау және малды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері аудан тұрғындарын өз аулалары мен іргелес аумақтардың тазалығын сақтауға, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауға және қоғамдық орындарды ластамауға шақырады.
Сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларының елді мекен аумағында қараусыз жүруіне жол бермеу қажет.
Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршаға ортақ міндет. Әр тұрғын өз аумағының тазалығына жауапкершілікпен қарап, ауданның көркейіп, абаттануына өз үлесін қосуы тиіс.
https://www.instagram.com/reel/Dc0YcPGC7gW/?utm_source=ig_web_copy_link&igsi=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1285130?lang=ru

Жауап қалдыру