
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Бақалы ауылында түнгі профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауылдық округ әкімдігі мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысып, қоғамдық орындар мен жастар жиі жиналатын аумақтарды аралады. Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүру фактілерінің алдын алуға ерекше назар аударылып, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына қолданыстағы заң талаптары мен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Осындай профилактикалық іс-шаралар жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және қоғамда заң мен тәртіп қағидатын нығайтуға өз үлесін қосады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-bakaly/press/news/details/1285473?lang=ru

Жауап қалдыру