
Астана қаласы Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану фактісін анықтады.
Күндіз Астана–Қарағанды автожолында Патрульдік полиция қызметкерлері 52 жастағы жүргізуші басқарған Shacman маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында ер адамның көлікті салмақ өлшеу бақылауынан өткізу кезінде оның мемлекеттік нөмірлік белгісін жасыруға әрекет жасағаны анықталды.
Жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сот шешімімен ер адам әкімшілік қамауға алынып, көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды.
Полиция ескертеді: мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыруға немесе өзгертуге әрекет жасау жауапкершіліктен құтылуға мүмкіндік бермейді. Мұндай әрекеттер полиция қызметкерлері мен бақылаудың техникалық құралдары арқылы тіркеледі.
Көлік құралын пайдалану кезінде белгіленген талаптарды сақтау – әрбір жүргізушінің міндеті. Бақылауды айналып өтуге тырысып, жүргізуші куәлігінен, қауіпсіздігіңізден және абыройыңыздан айырылып қалу қаупіне бармаған жөн.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1285154?lang=ru

Жауап қалдыру