Жаңарған мектеп – жарқын болашаққа бастар жол

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://www.instagram.com/reel/DcvfWHgM4ZC/?igsi=cTJjMzdvM285dGgz

Білім күні қарсаңында Әйтеке би ауданындағы білім беру саласы тағы бір қуанышты жаңалықпен толықты. Аудан орталығында орналасқан М.Жұмабаев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп күрделі жөндеуден өтіп, жаңа 2026–2027 оқу жылында оқушылар игілігіне қайта берілді.

Жаңа оқу жылының қарсаңында жаңарған білім ордасына аудан әкімі Д.Тоғызбаев арнайы барып, ұстаздар қауымын, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтады.

«Мектеп – ұрпақ тәрбиесі мен сапалы білімнің алтын діңгегі. Жаңарған білім ордасы шәкірттердің сапалы білім алуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына қолайлы жағдай жасайды. Жаңа оқу жылында барша ұстаздар мен оқушыларға толағай табыс, биік жетістіктер тілеймін», – деді аудан әкімі.

2026 жылы мектеп «Реновация – 1300 мектеп» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткізілді. Жұмыстарды «Даму Құрылыс АДК» ЖШС мердігер ұйымы атқарды.

Жөндеу барысында мектептің сыртқы қасбеті жаңартылып, шатыры ауыстырылды, жылыту жүйесі жаңғыртылды. Сонымен қатар ішкі әрлеу және сырлау жұмыстары толық жүргізілді.

Сыйымдылығы 540 оқушыға арналған екі қабатты мектепте оқу кабинеттері де заманауи талаптарға сай жабдықталған. Атап айтқанда, химия, география, алғашқы әскери және технологиялық дайындық, инклюзия, қыздар мен ұлдарға арналған шеберхана кабинеттері жаңартылды.

Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуға да ерекше көңіл бөлінді 25,335,0 мың теңге көлемінде мектеп жиһаздарын жаңартуға қаражат қарастырылып, 10 оқу кабинетінің парталары, асхана және кітапхана жиһаздары жаңартылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/press/news/details/1284690?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді