ЖҰМЫС ОРНЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 26 тамызда Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Атырау магистральдық желі бөлімшесі» Атырау станциясының жұмысшылары арасында «Жұмыс орнындағы қауіпсіздік және эргономика: денсаулыққа төнетін қауіптерді азайту» және «Бруцеллездің, туберкулездің, құтырманың және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыптарында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – жұмыс орнында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың алдын алу жөнінде ақпараттандыру. Семинар барысында жұмыс кезінде қызметкерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болдырмау, еңбек тиімділігін арттыру, денсаулықты сақтау және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ кәсіптік аурулар мен бруцеллездің, туберкулездің, құтырманың және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбасының алдын алу мәселелері талқыланды. Қатысушыларға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыс барысында қысқа үзілістер жасап, дене жаттығуларын орындау, сондай-ақ жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ұсынымдар берілді. Семинар барысында қатысушылардың сұрақтарына толық жауаптар беріліп, өзекті тақырыптар бойынша ақпараттық материалдар, буклеттер мен жадынамалар таратылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1284957?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді