
15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні қарсаңында осы жауапты саланың дамуына өзіндік үлесін қосып, ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келе жатқан мамандардың өнегелі еңбек жолын назарларыңызға ұсынамыз.
Бүгінгі кезекті кейіпкеріміз – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет пен денсаулық сақтау саласына 30 жылға жуық уақытын арнаған Түлешова Айнаш Еламанқызы.
Айнаш Еламанқызы – санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жүйесінде 30 жыл еңбек өтілі бар, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті, тәжірибелі әрі кәсіби деңгейі жоғары маман.
Еңбек жолында өз міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындайтын, жұмыс тәртібін қатаң сақтайтын, жауапкершілігі мол және білікті қызметкер ретінде көрсете білді.
Айнаш Еламанқызының негізгі қызметтік міндеттеріне санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы ақпараттарды жинақтау және талдау, жоғары тұрған органдарға есептік және ақпараттық материалдарды уақтылы ұсыну, зертханалық зерттеулер жоспарын қалыптастыру және оның орындалуын бақылау, тиісті есептілікті жүргізу жатады.
30 жылдық мінсіз еңбек өтілі, көп жылғы адал еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен әрі сапалы орындағаны, санитариялық-эпидемиологиялық саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Айнаш Еламанқызына алғысымыз шексіз!
Шын жүректен зор денсаулық, сарқылмас қуат, амандық, бақыт, әріптестерінің құрметі және ұзақ жылдарға белсенді өмір тілейміз!
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1284964?lang=ru

Жауап қалдыру