
2026 жылғы 2 қыркүйекте Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы И.Игамбердиев Жылыой ауданының Теңіз кен орнында «САПА» ЖШС-де орын алған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізді.
Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтауға бағытталған тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, тергеп-тексеру жұмыстары барысында кәсіпорын жұмыскерлеріне еңбек заңнамасының талаптары түсіндіріліп, олардың тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына және жұмыскерлердің еңбек құқықтарының қорғалуына ерекше назар аударады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1285437?lang=ru

Жауап қалдыру