04 қыркүйек 2026 жылы Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мақал – сөздің мәйегі» атты тақырыбындағы мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

04 қыркүйек 2026 жылы Ұлытау облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мақал – сөздің мәйегі» атты тақырыбындағы мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ халқының мақал-мәтелдері арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қызметкерлердің тіл байлығын дамыту және сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Тіл – халықтың рухани байлығы, мәдениеті мен тарихының айнасы.
Қазақ халқы өзінің өмірлік тәжірибесін, даналығы мен тәлім-тәрбиесін ұрпақтан ұрпаққа мақал-мәтелдер арқылы жеткізіп келеді.
Бүгінгі сайысымыздың мақсаты – мемлекеттік тілді насихаттау, халқымыздың бай мұрасын дәріптеу және мемлекеттік қызметкерлер арасында тіл мәдениетін дамыту.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге және оны күнделікті өмірде кеңінен қолдануға әрдайым барлығымыз үлес қоса берейік!
Сайыс соңында белсенді қатысушыларға I II, III дәрежелі дипломдары табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-ulytau/press/news/details/1285855?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді