
2026 жылдың 31- 4 қыркүйек аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Р.Ізтілеуов, М.Есжанов, И.Басықараев, Ғ.Байсеитов қабылдауларын өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және басқа да мәселелер көтерілді.
– «Саяхат» тұрғын ауданы, Ә.Өтегенов көшесін, Жеңіс тұйығына дейін асфальттау;
– М.Шоқай көшесінің, С.Бейбарыс көшесі мен А.Айдосов көшелері аралығына қоғамдық көлікке арналған аялдама орнату;
– Ж.Маханбетов ауылдық округіндегі жайылымдық жер мәселесі;
– «Шанхай» тұрғын ауданы, Қызылорда көшесі бойындағы өскен ағаштардың электр және телефон желілеріне тиіп қауіпті жағдай туындауына байланысты балақтау жұмыстарын жүргізу;
– Шалқыма көшесінің, 8-наурыз көшесінен Б.Майлин көшесіне дейінгі аралығын асфальттау мәселесі.
Депутаттар қабылдау барысындағы көтерілген мәселелердің шешілу бағытында өз тараптарынан жұмыс жасалатындығын жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1286115?lang=ru

Жауап қалдыру