
2026 жылғы 26 тамызда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен «Жаңа халықтың конституцияның нормалары мен құндылықтары: адами капиталды дамыту – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында республикалық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының пленарлық отырысы өтті.
Аталған іс-шараға балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Құлтұрсынов, балалардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдау орталығының басшысы А.Суниятова, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы А.Оралбекова қатысты.
Мемлекет басшысы білім беру жүйесін одан әрі дамыту, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мұғалімдердің қоғамдағы мәртебесін арттыру және цифрлық ортаның жас ұрпаққа ықпалын ескеру мәселелеріне ерекше назар аударды. Балалардың құқықтарының бұзылуын ерте кезеңде анықтау, қиын жағдайға тап болған балаларға уақтылы көмек көрсету және психологиялық қолдау көрсету мақсатында еліміздің барлық өңірінде балалардың құқықтарын қорғау басқармалары мен психологиялық қолдау орталықтарының құрылғанын атап өтті.
Жас ұрпақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ цифрлық ортадағы теріс ықпалдардың алдын алуға бағытталған шараларды одан әрі күшейту, балаларды зиянды ақпараттан қорғауға қатысты қолданыстағы заңнаманы қайта қарау қажеттігін айтты.
Жиын еліміздің жаңа Конституциясының күшіне енуі және Құрылтай сайлауының қорытындылары шығарылған маңызды саяси кезеңде өтті. Мемлекет басшысы 28 тамызда Құрылтайдың бірінші сессиясы шақырылатынын мәлімдеді. Аталған сессия елдің қоғамдық-саяси дамуындағы маңызды мәселелерді талқылауға және алдағы кезеңге арналған негізгі басымдықтарды айқындауға бағытталмақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-bala/press/news/details/1285651?lang=ru

Жауап қалдыру