
Абай облысында полицейлер Семей қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірген жүргізушінің жолын кесті.
Оқиға сағат 21:30 шамасында болған. Полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген RECER мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру барысында көлік тізгінінде отырған 40 жастағы азаматтың масаң күйде болғаны анықталды.
Яғни жүргізуші бірден бірнеше талапты елемеген: мотоцикл мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінсіз қозғалған, ал оның өзі алкогольдік масаң күйде көлік басқарған.
Бұл – жол ережесін жай ғана бұзу емес. Масаң күйдегі жүргізушінің рөлге отыруы – жолдағы әрбір адамның өмірі мен қауіпсіздігіне төнген нақты қауіп.
Полицейлер жүргізушіні жол қозғалысынан шеттетіп, қажетті процессуалдық шараларды қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1286161?lang=ru

Жауап қалдыру