Әділет министрлігінде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді әзірлеу мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың төрағалығымен қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді әзірлеу.

Жиынға мемлекеттік органдардың, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың, ғылыми және адвокаттық қоғамдастықтардың, сондай-ақ «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тұжырымдамалық және проблемалық мәселелері талқыланып, оларды жаңа кодекстерді әзірлеу кезінде шешудің негізгі тәсілдері қарастырылды.

Жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстерді әзірлеу кезінде ҚР жаңа Конституциясында бекітілген қағидаттар мен құндылықтарды іске асыруға, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді кепілдіктерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыруға басымдық берілетіні атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/1286305?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді