
Қала тұрғындары жер қатынастары, қала құрылысы және басқа да сауалдарды көтерді.
Атап айтқанда, тұрғындар мемлекет мұқтажы үшін мүлікті сатып алу кезінде ұсынылған өтемақы мөлшерімен келіспеу, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ бірқатар нысан құрылысының заңдылығын тексеру жайы бойынша жүгінді.
Әрбір өтініш бойынша қажетті түсіндірме беріліп, тиісті басқармаларға көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастыру тапсырылды.
Айта кетейік, азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау тұрақты түрде өткізіледі. Бұл тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, өтінішті жедел қарауға және қажетті шараны уақытылы қабылдауға мүмкіндік беретін маңызды тетік.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1285902?lang=ru

Жауап қалдыру