Алматы қаласында жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

    2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерімен кездесуі өтті.

     Кездесу барысында кредиторлардың банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен өзара іс-қимылы, қаржы ұйымдарының қарыз алушылардың төлемдері туралы ақпаратты уақтылы әрі дұрыс ұсынуы, азаматтар банкрот деп танылғаннан кейін олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кредиторлар талаптарын жолдаудың белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелері талқыланды.

     Сонымен қатар сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін цифрландыру мәселелері қаралды.

     Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық мәселелерді шешу және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен алмасты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1285660?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді