
🔹Ащыағырдағы жаңа көпір құрылысы – Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендері бағытындағы тұрақты әрі қауіпсіз көлік қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жоба.
🔹Аудан әкімі Айбек Купенов құрылыс алаңына барып, нысанда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
🔹Бұл өткелден соңғы 3 жылда көктемгі су тасқыны кезінде жолды су басып, аталған елді мекендермен көлік қатынасында қиындықтар туындаған болатын.
Осыған байланысты «Қарауылкелді – Алтай батыр – Миялы – Оймауыт» бағытындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолының 34-шақырымында жаңа көпір құрылысы облыс басшылығы тарапынан қолдау тапты.
🔹Көпірдің ұзындығы – 29 метр, ені – 12 метр.
Жобаның жалпы құны 342,7 млн теңгені құрайды.
2026 жылы облыстық бюджеттен 330 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «Lider Invest Group» ЖШС жүргізуде.
🔹Нысанды аралау барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасына баса назар аударып, жұмыс қарқынын арттыру бойынша мердігер ұйымға тиісті тапсырмалар берді.
🔹Көпір пайдалануға берілгеннен кейін Оймауыт, Миялы және Баршақұм елді мекендері бағытындағы көлік қатынасының тұрақтылығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1286174?lang=ru

Жауап қалдыру