Ақмола облысында «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық байқауының байқауының жеңімпаздары марапатталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 3 қыркүйекте Достық үйінде Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д. Е. Айтбаевтың қатысуымен «Мерейлі отбасы-2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы 2014 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Байқаудың негізгі мақсаты – отбасы институтын нығайту, адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, отбасының мәртебесін арттыру және отбасы мен некенің оң имиджін қалыптастыру.

Биыл аудандық және қалалық кезеңдердің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 100-ден астам өтінім түсті.

Облыстық комиссияның шешімімен байқаудың жеті жеңімпазы анықталды. Бас жүлде Косшы қаласының Ілиясовтар отбасына берілді.

Салтанатты шара барысында жеңімпаз отбасыларға ақшалай сертификаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Іс-шара аясында қазақ халқының дәстүрлі тұсаукесер рәсімі өткізілді. Бұл – баланың алғашқы қадамына ақ жол тілеп, өмір жолының сәтті болуына ниет білдіретін тағылымды дәстүр.

Мерекелік бағдарлама байқау жүлдегерлерінің музыкалық өнер көрсетуімен жалғасын тапты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1285681?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді