Ақтөбе облысында «Тұғырлы тіл. Зерделі ұлт. Өркениетті қоғам» облыстық семинары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында 5 қыркүйекте атап өтілетін Қазақстан халқының тілдері күніне орай облыстық семинар өтті. Іс-шараның тақырыбы  «Тұғырлы тіл. Зерделі ұлт. Өркениетті қоғам».

Семинарда мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, кітап оқуға және ұлттық әдебиетке қызығушылықты арттыру, сондай-ақ мәдени мұраны сақтау мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы ұсынған «Оқитын ұлт» бастамасына ерекше назар аударылды. Қатысушылар кітап оқудың білім алудағы және адамның дамуына тигізер рөлін, ұлттық әдебиеттің маңызын, сондай-ақ қазақ тілін цифрлық ортада және жасанды интеллект саласында қолданудың заманауи мүмкіндіктерін талқылады.

Семнарға «Citi Transportation Systems» көлік компаниясының, Қазақстан Жазушылар одағының, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің, «Вайнах» шешен этномәдени бірлестігінің, «Qazaqvibe» жобасының, «Шаңырақ» оқу клубының және М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының өкілдері қатысты.

Спикерлер тіл саясаты, қазақ тілін оқыту, оқу клубтарын дамыту және цифрлық технологияларды қолдану мәселелері бойынша өз тәжірибелері мен пікірлерін ортаға салды.

Семинар аясында мемлекеттік тілдің дамуына және ұлттық құндылықтарды насихаттауға үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Бірқатар қатысушылылар Ақтөбе облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, Құрмет грамоталарымен және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ «Менің өлеңім, менің әлемім», «Ойдан туған оралым», «Болашақ ЖИ көзімен», «Тілдарын», «Тарих сөйлеген тағылымды өлке», «Мемлекеттік тіл жаршысы», «Үздік оқыту формуласы», «Үздік жарнама аудармашысы», «Қазақтілді цифрлық энциклопедияны толықтырушы» және «Шұрайлы тілдің шырайы» номинациялары бойынша 10 конкурс жеңімпазы марапатталды.

Семинар тәжірибе алмасуға және мемлекеттік тілді дамыту, кітап оқу мәдениеті мен қазақ тілін заманауи цифрлық технологияларда қолдануға қатысты өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1285799?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді