БҚО, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, Қонаев көшесі, №72 үй мекен-жайы бойынша орналасқан, электрондық адресі: akjaik_bilim@bk.ru, «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, телефон нөмірі: 87113692446
Лауазымдық міндеттері:
– аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
– жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
– мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
– педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
– педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
– білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
– педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала) педагогтерінің назарына жеткізеді;
– оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
– педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;
– педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
– білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
– есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Еңбек ақы: еңбек еткен өтіліне байланысты (208 293-220 459 теңге).
Бос лауазым атауы:
1) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің қоғамдық-гуманитарлық (қазақ тілі, тарих) пәндерінің әдіскері. 1 бірлік, тұрақты.
2) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің тәрбие жұмысы, қосымша білім беру ұйымдарының әдіскері. 1 бірлік, тұрақты.
3) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің жалпыға бірдей білім беру бағыты бойынша әдіскер. 1 бірлік, тұрақты.
4) «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімі» ММ-нің әдістемелік кабинетінің жалпы білім беруде оқушыларды арнайы білім бағдарламасымен оқытуды қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді ұйымдастыру жөніндегі әдіскер. 1 бірлік, уақытша.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-akzhaik/press/news/details/1285981?lang=ru

Жауап қалдыру