
Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау облысында жеті жаңа мектеп пайдалануға берілді. Жаңа білім беру нысандары оқушыларға заманауи талаптарға сай білім алуға мүмкіндік беріп, өңірдегі мектептердегі орын тапшылығын азайтуға бағытталған.
Атап айтқанда, Дамбы ауылында 300 орындық, Көктем-2 және Еркінқала-2 шағын аудандарында 600 орындық мектептер ашылды. Сондай-ақ 4 мың оқушыға арналған Caspian BINOM School өз жұмысын бастады.
Бұдан бөлек, Жылыой және Құрманғазы аудандарында үш жаңа мектеп бой көтерді. Аталған білім ошақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды.
Жаңа мектептерде заманауи оқу кабинеттері мен зертханалар, спорт залдары және шығармашылықпен айналысуға арналған кеңістіктер қарастырылған. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына, жан-жақты дамуына және қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне қажетті жағдай жасалған.
Білім беру саласындағы басты міндеттердің бірі – әр баланың қабілетін ашып, сапалы білім алуына қолайлы орта қалыптастыру. Осы бағытта жаңа мектептердің ашылуы өңірдегі білім беру инфрақұрылымын дамытуға және оқушылар үшін жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1285738?lang=ru

Жауап қалдыру