Атырау қаласында «Тіл – бірлік тұғыры» облыстық салтанатты іс-шарасы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 қыркүйекте Атырау қаласында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – бірлік тұғыры» облыстық салтанатты іс-шарасы өтті.

Іс-шараға облыс басшылығы, мәслихат депутаттары, сала ардагерлері, мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың өкілдері, тіл жанашырлары, жастар, мәдениет қызметкерлері, этномәдени бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Салтанатты іс-шарада мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, қазақ тіліндегі ғылыми терминологияны қалыптастыруға, қазақ Уикипедиясын дамытуға және мемлекеттік тілде сапалы қызмет көрсету мәдениетін орнықтыруға үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсетілді.

Үздіктерге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық марапаттары, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Құрмет грамотасы, сондай-ақ Атырау облысы әкімінің және облыстық мәслихаттың Алғыс хаттары табысталды.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/language/press/news/details/1286070?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді