
Аудан әкімі Ернар Есіркепов Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланып, тұрғындар көтерген өзекті мәселелер қаралды.
Соңғы жылдары округтің инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылды. Ауылішілік көшелер жөнделіп, көше жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға және мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілуде. Абай ауылдық округінде макарон өнімдерін өндіру цехы мен профнастил өндірісі іске қосылды.
Кездесу барысында тұрғындар жер кезегі, ескірген электр бағаналарын жаңарту, жаяу жүргіншілер жолын салу, интернет сапасы мен жылдамдығын арттыру, мәдениет үйі мен спорт кешенін салу мәселелерін көтерді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-ryskulov/press/news/details/1285640?lang=ru

Жауап қалдыру