
Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының және Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы бос орындар туралы
Бәйтерек ауданы мәслихатының
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес Бәйтерек ауданы мәслихаты Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссиялары мен Бәйтерек ауданының учаскелік сайлау комиссиялары құрамдарындағы бос орындар туралы хабарлайды.
Саяси партиялардан, өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссияларынан құрылатын сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар 2026 жылғы 4 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, мына мекенжай бойынша қабылданады: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Переметный ауылы, Гагарин көшесі, 139, №4 кабинет.
Құжаттарды тіркеуге және қабылдауға жауапты:
Бәйтерек ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Ескендиров Е.Ж.
Байланыс телефоны: 8 (71130) 2-26-33.
Округтік сайлау комиссияларының құрамдарында мынадай бос орындар бар:
- Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Переметный ауылы. - Бәйтерек ауданы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №10 округтік сайлау комиссиясы – 1 бос орын.
Орналасқан жері: Достық ауылы.
Учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарында мынадай бос орындар бар:
|
Учаскелік сайлау комиссиясының № |
Бос орындар саны |
Орналасқан жері |
|
№ 156 |
1 |
Переметный ауылы |
|
№ 158 |
1 |
Қаражар ауылы |
|
№ 162 |
1 |
Зеленое ауылы |
|
№ 163 |
1 |
Егіндібұлақ ауылы |
|
№ 170 |
1 |
Белес ауылы |
|
№ 171 |
2 |
Щапов ауылы |
|
№ 172 |
1 |
Ақсу ауылы |
|
№ 173 |
1 |
Өркен ауылы |
|
№ 174 |
2 |
Көшім ауылы |
|
№ 175 |
1 |
Үлкен Шаған ауылы |
|
№ 177 |
1 |
Янайкин ауылы |
|
№ 181 |
1 |
Озерное ауылы |
|
№ 184 |
1 |
Январцев ауылы |
|
№ 185 |
1 |
Кирсанов ауылы |
|
№ 190 |
1 |
Чиров ауылы |
|
№ 193 |
1 |
Құрманғазы ауылы |
|
№ 194 |
2 |
Аманат ауылы |
|
№ 195 |
1 |
Володар ауылы |
|
№ 205 |
2 |
Садовое ауылы |
|
№ 207 |
1 |
Асан ауылы |
|
№ 210 |
1 |
Октябрьск ауылы |
|
№ 217 |
1 |
Сырым батыр ауылы |
|
№ 243 |
1 |
Достық ауылы |
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге де қоғамдық бірлестіктер мен жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсыныстары бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ құрылатын сайлау комиссияларына қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 4 қыркүйектен 21 қыркүйекке дейін мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:
- Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер.
- Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді.
- Саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
- Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің және кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштерінің нысандары Бәйтерек ауданы мәслихатының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі тиісті комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамын бір ұйымның қызметкерлері құрамауға тиіс, бұған «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда сайлау учаскелерін құру жағдайлары қосылмайды.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналар, балалар, асырап алушылар (бала асырап алушылар), асырап алынғандар (асырап алынған балалар), туған және туыстығы бір және бір емес аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе ерлі-зайыптылар кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуға, мөрмен расталуға және олардың орындалған күні, орындаушы туралы белгі, оның тегі, аты-жөнінің бас әріптері және телефон нөмірі көрсетілуге тиіс.
Мәслихат төрағасы Н. Хайруллин
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayterek/press/news/details/1285790?lang=ru

Жауап қалдыру