
🔹Аудан әкімі Айбек Купенов Жарқамыс ауылындағы көрнекті ақын, сазгер әрі драматург Бәкір Тәжібаевтың туған жері – Ақбұлаққа барып, абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты.
🔹Қазіргі таңда Ақбұлақ аумағына қоршау орнатылып, айналасы абаттандырылды. Алдағы уақытта жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынып, бұлақтағы жаяу жүргіншілер көпірін қайта салу жоспарлануда.
🔹Нысанды аралау барысында аудан әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына баса назар аударып, аумақтың тарихи-рухани маңызын сақтай отырып, абаттандыру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу жөнінде тапсырмалар берді.
🔹Ақбұлақты абаттандыру – Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі. Бұл жұмыстар тарихи орынды көркейтіп, оның тағылымдық мәнін кейінгі ұрпаққа дәріптеуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1286258?lang=ru

Жауап қалдыру