
1 қыркүйекте Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында Ж. Кереев атындағы жаңа мектеп өз жұмысын бастады.
Мектеп 600 оқушыға арналған. Оқу процесін ұйымдастыру үшін мұнда 22 оқу кабинеті, екі спорт залы және акт залы жабдықталған.
Оқу кабинеттері қажетті жиһаздармен, заманауи құрал-жабдықтармен, оқу, көрнекі және дидактикалық материалдармен қамтамасыз етілген. Мектепте информатика және IT кабинеттері, пәндік кабинеттер, зертханалар, сондай-ақ зерттеу және практикалық сабақтар өткізуге арналған мамандандырылған кеңістіктер бар.
«Келешек мектептері» жобасының талаптарына сәйкес оқушылардың цифрлық сауаттылығын, STEM бағыттары мен робототехниканы дамытуға қажетті жағдайлар жасалған. Оқушылар алған білімдерін тәжірибеде қолданып, оқу процесі барысында тиісті дағдыларын дамыта алады.
Сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру үшін музыка кабинеті мен акт залы қарастырылған. Дене шынықтыру сабақтарын өткізуге екі спорт залы мен спорт алаңдары жабдықталған.
Жаңа мектепте мектепалды даярлық сыныптары да жұмыс істейді. Сонымен қатар ойын және демалыс аймақтары, кітапхана, медициналық кабинет және педагогтерге арналған жұмыс орындары қарастырылған.
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін 180 орындық асхана жабдықталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1285549?lang=ru

Жауап қалдыру