Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз нашақорлыққа қарсымыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында нашақорлықтың қоғамға тигізетін зияны, есірткіге тәуелділіктің алдын алу және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелері сөз болды. Қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, спортпен шұғылдануға шақырылды.
Дөңгелек үстел соңында жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, денсаулықты сақтауға және салауатты өмір салтын таңдауға үндеу жасалды.
Нашақорлыққа жол жоқ! Салауатты өмірді таңдайық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-tokzhailau/press/news/details/1285941?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді