Елордада көлік полицейлері әлемдік жұлдыздың концертінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Әлемдік жұлдыздың концерті кезінде көлік полициясы “Tarlan Astana” ЖРК станцияларында қоғамдық тәртіпті пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

     Әлемге әйгілі әнші Энрике Иглесиастың концерті аяқталғаннан кейін көрермендердің басым бөлігі рельсті көлікке отыру үшін жеңіл рельсті көлігінің “Астана Арена” станциясына келген. Осыған байланысты станцияның кіреберісінде адамдардың жаппай шоғырлануы орын алды.

     Астана-1 станциясындағы көлік полициясы басқармасының “Tarlan Astana” объектілеріндегі полиция бөлімінің бастығы Сағындық Маймишевтың айтуынша, көлік полициясы жолаушылар ағынын оңтайландырып, жедел жағдайды тұрақты жіті бақылауда ұстады.

     Станцияның, оның ішінде кіреберіс топтарының қауіпсіздігіне баса назар аударылып, адамдар көп жиналатын және осал учаскелерге қосымша полиция жасақтарын қою ұйымдастырылды. Сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету жасағы бөліністерімен бірлесіп, адамдардың қысылып-қымтырылуы мен басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ азаматтардың станцияға кедергісіз өтуін қамтамасыз ету бойынша тиісті іс-шаралар қабылданды.

     Оның айтуынша, тәртіп сақшылары шетелдік қонақтарға да бағыт-бағдар көрсетіп, адасып қалған балаларды жедел тауып, ата-аналарына табыстаған. Сонымен қатар жоғалған заттар да иелеріне қайтарылды.

     Қабылданған ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жеңіл рельсті көлігі нысандарында құқық бұзушылықтарға жол берілген жоқ.

     Азаматтармен өзара іс-қимыл барысында қызметтік тәртіп талаптары мен “Заң және Тәртіп” қағидаты сақталып, дұрыс әрі сыпайы қарым-қатынас қамтамасыз етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1285899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді