
4 қыркүйекте Астана қаласында Мұнай-газ саласы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов қатысты.
Ведомство басшысы сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, олардың еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономиканы дамытуға және ірі өндірістік жобаларды іске асыруға қосып отырған үлесін атап өтті.
«Өндірілген әр тонна мұнайдың, әр текше метр газдың артында сіздердің ауыр әрі қажырлы еңбектеріңіз тұр. Сала қызметкерлерінің кәсібилігі, жауапкершілігі мен тәжірибесінің арқасында Қазақстан энергетикалық кешенінің тұрақтылығын сақтап, оның әлеуетін одан әрі дамытып келеді», – деді Ерлан Ақкенжанов.
Министр 2025 жыл мұнай өндіру көлемі бойынша сала үшін рекордтық жыл болғанын атап өтті. Мұнай өндіру көлемі 99,55 млн тоннаға жетті. 2026 жылы сала бірқатар елеулі сын-қатерлерге тап болды. Олардың қатарында КТК инфрақұрылымындағы штаттан тыс жағдайлар, Орынбор газ өңдеу зауытының газ қабылдау көлеміне қойылған шектеулер, сондай-ақ ірі кен орындарында жоспардан тыс жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі бар.
Соған қарамастан, жедел техникалық шешімдер мен мамандардың кәсіби жұмысының арқасында жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туды. 2026 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі шамамен 96 млн тоннаны құрайды деп күтілуде.
Мұнай өңдеу және мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше назар аударылды. 2025 жылы отандық мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өңдеу көлемі 18,4 млн тоннаны құрады. Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарының қуаттарын кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғасуда.
«Біздің міндетіміз – шикізатты жай ғана өндіруден біртіндеп оның терең өңделуіне көшу, жоғары қосылған құны бар өнім шығару және ел ішінде жаңа өндірістік мүмкіндіктер қалыптастыру», – деп атап өтті министр.
Мұнай-газ химиясы саласы да белсенді дамып келеді. Атырау облысында полиэтилен өндіру бойынша ірі жобаны іске асыру басталды, Павлодар өңірінде алкилат өндіру жобасы жүзеге асырылуда. 2026 жылғы мамырда Парламент Мәжілісіне саланы жүйелі дамытуға бағытталған «Мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы» базалық заң жобасы енгізілді.
Газ саласында инфрақұрылымды кеңейту және геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда. 2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» газ құбырының құрылысы аяқталды, «Бейнеу – Бозой – Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісін іске асырудың белсенді кезеңі басталды.
Еліміздегі газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетіп, 13 млн-нан астам қазақстандық табиғи газға қол жеткізді. Алдағы уақытта газдандыру деңгейін 80%-ға жеткізу міндеті қойылып отыр.
Министр мұнай-газ кешенінің отандық өндірісті дамытуға қосып отырған үлесін де атап өтті. Жер қойнауын пайдаланушылардың жалпы сатып алу көлемі 4,6 трлн теңгеге жетті, оның ішінде қазақстандық қамту үлесі 3 трлн теңгеден асты. Бұл отандық кәсіпорындардың өнімдері мен қазақстандық сервистік компаниялардың қызметтеріне қосымша сұранысты қамтамасыз етеді.
Сала қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау
Салтанатты іс-шара барысында мұнай-газ саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау рәсімі өтті.
«Құрмет» орденімен саланың 13 өкілі марапатталды. Олардың қатарында:
Арыстан Ілес – мұнай-газ саласының ардагері.
Ләззат Ахмурзина – «KAZENERGY» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры.
Асқар Әшірбаев – «QazaqGaz Aimaq» АҚ слесарі.
Бектұрған Жолмағамбетов – «Өзенмұнайгаз» АҚ слесарі.
Александра Бекишева – «Казгипронефтетранс» ЖШС бас директоры.
Диас Ибрашев – PSA ЖШС бас директорының орынбасары.
Серік Нұрмаған – «ҚазТрансОйл» АҚ құбыршысы.
Қожабек Рысқалиев – «Ембімұнайгаз» АҚ слесарь-жөндеушісі.
Қамысбай Өмірбаев – «Oil Services Company» ЖШС ұңғымаларды жерасты жөндеу операторы.
Айтжан Хайруллин – «Интергаз Орталық Азия» АҚ слесарь-жөндеушісі.
Сондай-ақ «Құрмет» орденімен Лала Амреева, Мақсат Қалбаев және Бағдат Құжатов марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен саланың 13 қызметкері марапатталды. Олардың қатарында:
Әлібек Бинахметов.
Тимур Бердібаев.
Дәурен Даутов.
Айтқали Ержанғалиев.
Шабай Ермағамбетов.
Оразғұл Жаманбаев.
Қыдырбек Керімбаев.
Серік Қодаров.
Құдайберген Көрпебаев.
Ермекбай Өтегенов.
Біржан Сатқанбаев.
Жақсылық Өсіпбеков.
Бердіхан Ұзақбай.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен саланың 37 маманы марапатталды:
Есенжол Әбішев, Серік Адыров, Сырлыбай Әліқұлов, Ерболат Бағдәулетов, Марат Базарбаев, Бегендік Башенов, Нұрлан Бекентаев, Шырынхан Беккулиев, Шолпан Құспанова, Омар Дәулетов, Алла Журавская, Әділбек Жұманов, Рахматулла Исмағулов, Гүлнәр Қазақ, Құлмахан Қайыпназаров, Майра Катебаева, Асылбек Кенжеев, Аманкелді Қорғамбеков, Бекнұр Көшербаев, Николай Құдайбергенов, Данна Құрбанбаева, Сергей Лукичёв, Жұмағали Лұқпанов, Нұржан Меиірманов, Лесхан Нығманов, Карлен Орынбасаров, Владимир Пермяков, Ағлес Рахметова, Сүйіндік Рамазанов, Қызылкүл Сақтапова, Ахмет Сапаров, Абдусалам Сатқанбаев, Найля Сыздықбаева, Үкі Тәжіманова, Алдамұрат Тайманов және Қалдыхан Түйешова, Талғат Шамитаев.
Энергетика министрлігінің ведомстволық наградаларымен де сала өкілдері марапатталды.
«Еңбек ардагері» медалімен:
Әнуарбек Абызов – «Қызылорда Газ» ЖШС еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженері марапатталды.
«Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен:
Болат Кушкимбаев – Энергетика министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті Жер қойнауын пайдалануды дамыту басқармасының бас сарапшысы марапатталды.
«Мұнай-газ саласының үздігі» төсбелгісімен:
Нұржан Рустемов.
Бағлан Сембекова.
Елнұр Абдулин.
Әлия Дюсебаева.
Бауржан Күжантаев.
Татьяна Беккер.
Назым Бекбатырова.
Юлия Жернакова.
Артур Алдамжар.
Мұрат Утегенов марапатталды.
Жиында «Құрмет» орденінің иегері, мұнай-газ саласының ардагері Арыстан Ілес және III дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегері, «QazaqGaz Aimaq» АҚ слесарі Жақсылық Өсіпбеков жауап сөз сөйледі.
Іс-шара соңында Ерлан Ақкенжанов сала қызметкерлеріне кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және жауапкершілікпен атқарып жүрген еңбегі үшін алғыс білдіріп, ардагерлерге Қазақстан энергетикасының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі үшін ризашылығын жеткізді.
«Қазақстан энергетикасының қуатын қалыптастырған ардагерлерімізге ерекше алғысымды білдіремін. Сала қызметкерлері мен олардың отбасыларына зор денсаулық, амандық, бақ-береке, молшылық және ертеңгі күнге сенім тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым қауіпсіз, ал жобаларыңыз табысты болсын», – деді министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1286119?lang=ru

Жауап қалдыру