Катонқарағай аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының кезекті отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Катонқарағай аудандық мәслихатының «Бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері»,  «Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияларының   кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Катонқарағай ауданының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік инфрақұрылым обектілерінің жылу беру маусымына дайындығы туралы (тұрғындарды, мемлекеттік мекемелерді жылу, отын, ауыз сумен қамтамасыз ету, жолдарды ұстау)», ауданның елді мекендеріндегі тұрғылықты халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарының атқарылуы, аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы және ауданның экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі, Катонқарағай ауданында орналасқан білім беру мекемелері жанындағы интернаттардағы балалардың құқықтарын сақтаудағы  жұмысы туралы бірқатар мәселелер қаралды. Комиссия мүшелері  бөлім басшыларының баяндамаларын тыңдап, ұсыныстарды талқылап, өз пікірлерін білдірді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/katon-maslihat/press/news/details/1285872?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді