
Жаңа оқу жылының қарсаңында Көктіңкөлі ауылдық округінде дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында «Леопард Инвест» ЖШС әлеуметтік жауапкершілік танытып, мектеп жасындағы балаларға 2 850 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті. Нәтижесінде 38 оқушының әрқайсысына құны 75 000 теңгелік ақшалай купондар табыс етілді. Аталған қолдау отбасыларға балаларды оқу жылына сапалы дайындауға үлкен септігін тигізбек.
Айта кету керек, «Леопард Инвест» ЖШС бұл бастамаға екінші жыл қатарынан белсене қатысып келеді. Өткен жылы кәсіпорын оқушыларға 2 210 000 теңге көлемінде демеушілік көмек берген болатын.
Жергілікті атқарушы органның, білім беру мекемесінің және бизнес өкілдерінің осындай тығыз ынтымақтастығы балалардың жарқын болашағына жасалған маңызды қадам.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1285944?lang=ru

Жауап қалдыру