Коматозды жағдайдағы адамдарға медициналық-әлеуметтік сараптама: не өзгерді?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) көрсетілетін қызметті алушының не оның заңды өкілінің – қамқоршының немесе сенім білдірілген адамның өтініші бойынша жүргізіледі.  

Бұрын, егер адам коматозды жағдайда болса және МӘС-ті өткізуге өз келісімін білдіре алмаса, оның туыстары алдымен қамқоршылықты рәсімдеуі керек еді. Осыдан кейінғана заңды өкіл медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін уәкілетті органға өтініш бере алады.

2026 жылдың 25 тамызынан бастап тәртібі өзгертілді.

Енді, егер адам коматозды жағдайда болуына байланысты өз келісімін білдіре алмаса, МӘС жүргізуге өтінішті жақын туысы немесе жұбайы (зайыбы) бере алады.

Бұл жағдайда растау қажет: 

– өтініш берушінің жеке басы;

– туыстық дәрежесі немесе некенің болуы;

– адамның коматозды жағдайда болу фактісін растайтын медициналық ұйымның қорытындысы. 

Қажетті мәліметтер бірінші кезекте мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады. Егер мәліметтер болмаса, құжаттарды өтініш беруші қағаз жеткізгіште ұсынады.

Осылайша, қамқоршылықты тек МӘС жүргізу үшін рәсімдеу қажет емес.

 Жаңа шылдық МӘС жүргізуді кейінге қалдырмауға және мүгедектікті белгілеу және өз жағдайына байланысты куәландыруға өз бетінше жүгіне алмайтын адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелерін уақтылы шешуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-kostanay/press/news/details/1285994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді