Маңғыстауда дербес менеджер қызметіне сұраныс артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың басынан Маңғыстау облысының тұрғындары «Дербес менеджер» қызметін 3 055 рет пайдаланды. Оның ішінде 1 081 мемлекеттік қызмет мамандандырылған ХҚКО бағыты бойынша көрсетілді.

«Дербес менеджер» қызметі азаматтарға мемлекеттік қызметтерді маманның жеке көмегімен алуға мүмкіндік береді. Менеджер құжаттарды рәсімдеудің барлық кезеңінде бағыт-бағдар беріп, қызмет алу процесін жеңілдетеді және азаматтардың уақытын тиімді пайдалануға жағдай жасайды.

Қызмет ХҚКО-лардың фронт-офистерінде қолжетімді. Оны пайдалану үшін азамат ХҚКО-дағы тіркеу орнына жүгініп, маманның жеке көмегіне өтініш бере алады. Қызмет құны – 5 697 теңге, ал мамандандырылған ХҚКО-ларда – 6 306 теңге.

ХҚКО-ға өздігінен келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін дербес менеджердің үйге барып қызмет көрсету мүмкіндігі де қарастырылған. Маман алдын ала берілген өтінім бойынша келісілген уақытта көрсетілген мекенжайға барып, мемлекеттік қызметті алу процесін ұйымдастыруға көмектеседі. Үйге барып қызмет көрсету құны – 7 447 теңге.

Айта кетейік, «Дербес менеджер» қызметін ХҚКО-ға жүгіну арқылы немесе Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтындағы «Азаматтарға арналған қызметтер» бөлімі арқылы рәсімдеуге болады. Сондай-ақ қызмет туралы кеңесті 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік корпорация азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған заманауи сервистерді дамытып, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстарын жалғастыруда.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1285926?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді