Мемлекеттік бақылау қорытындылары туралы ақпарат

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік бақылау – мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының тиісті саладағы талаптарын сақтауын тексеруге бағытталған қызметі.

Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында әлеуметтік қызметтерді алушылардың құқықтарын сақтау, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемі, ұйымдардың қызметіне қойылатын талаптардың орындалуы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Алматы облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен 2026 жылдың басынан бастап барлығы 35 тексеру жүргізілді, оның ішінде:

  • бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүргізілген 26 профилактикалық бақылау және тексеру;
  • 9 жоспардан тыс тексеру.

Жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша 32 бақылау субъектісіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес енгізілді.

Жеке тұлғалардың өтініштері мен шағымдары негізінде 9 бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 5 бақылау субъектісі (объектісі) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1 600,3 мың теңгені құрады.

Бұдан басқа, Алматы облысының прокуратурасы мен Қарасай ауданы прокуратурасының талаптары негізінде 67 бақылау субъектісі (объектісі) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 8 131,0 мың теңгені құрады.

Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 9 731,3 мың теңгені құрады, оның  9 212,3 мың теңгесі бюджетке қайтарылды.

Әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімімен берілген нұсқамалардың орындалу мерзімдерінің сақталуына, сондай-ақ анықталған бұзушылықтардың толық көлемде жойылуына тұрақты негізде бақылау жүзеге асырылады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1285704?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді