Мұрат Мұханов Көкшетауда Құтқарушылар аллеясын ашты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Көкшетау қаласының Орталық саябағында «Құтқарушылар аллеясын» ашты. Бұл естелік нысандар мен демалыс орындарын біріктірген ауқымды қоғамдық-мемориалдық кеңістік. Салтанатты рәсімге азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, ардагерлер, Мәлік Ғабдуллин атындағы Академия курсанттары, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен бизнес өкілдері қатысты.

  Құтқарушылар аллеясы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған. Аллеяның орталық нысаны қаза тапқан құтқарушылардың есімдері жазылған «Мәңгілік жады» мемориалы болды. Мұнда Асқар Забикулинге арналған ескерткіш те орнатылған. Ескерткіштің ашылуына оның анасы мен туыстары қатысты. Салтанатты рәсімге қатысушылар гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

  Көкшетау қаласының Орталық саябағында абаттандыру жұмыстары ауқымды аумақты қамтыды. Мұнда жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылды, жиектас ауыстырылып, субұрқақ қалпына келтірілді. Жарықтандыру жүйесі орнатылып, орындықтар қойылды. Қала тұрғындары үшін балалар және спорт алаңдары, воркаут аймағы, теннис пен шахмат үстелдері жабдықталды. Аллеяда тегін Wi-Fi жұмыс істейді. Дыбыспен сүйемелденетін LED-экрандар қоғамдық іс-шаралар өткізуге мүмкіндік береді.

  Ауқымды жобаны іске асыруға атсалысқан ТЖД қызметкерлері, Азаматтық қорғау академиясының өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдар мен бизнес өкілдері, сондай-ақ меценаттар ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Аллея республикалық бюджет қаражаты және демеушілердің қолдауы есебінен құрылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1286303?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді