Қазақстан Республикасының Спорт күніне орай Шахтинск қаласында спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсімі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жыл спортшыларымыз үшін лайықты нәтижелер мен жаңа жеңістерге толы жыл болды.

Азия чемпионаттарының жеңімпаздарына, 2026 жылғы Қазақстан Республикасының чемпиондарына, сондай-ақ бұқаралық спорт түрлерінен Қарағанды облысының қалалары арасында өткен облыстық спартакиадалардың жүлдегерлеріне лайықты марапаттар табысталды.

Сонымен қатар чемпиондарды тәрбиелеп, қаламыздағы спорт қозғалысын дамытуға үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің еңбегі ерекше атап өтілді. Олардың кәсібилігі, күнделікті еңбегі мен спортқа деген адалдығы – спортшыларымыздың жетістіктерінің негізі.

Әр жеңістің артында қажырлы еңбек, тәртіп, жігер және командалық жұмыс тұр. Спортшыларымыз Шахтинск қаласының намысын түрлі деңгейдегі жарыстарда абыроймен қорғап, қаламыздың спорттық шежіресіне елеулі үлес қосып келеді.

Спортшыларымызға жоғары нәтижелері үшін, ал жаттықтырушыларға кәсібилігі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!

Жаңа жеңістер, биік жетістіктер және республикалық, азиялық әрі халықаралық аренада сәтті өнер көрсетулеріңізге тілектеспіз!

 

Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1286088?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді