Қостанай облысының балуаны Алмас Жұмағали Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында «күміс» медаль жеңіп алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қостанайлық балуан Алмас Жұмағали Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына күміс медаль салды. Спортшымыз осы күндері Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында үздік нәтиже көрсетті.

Алмас 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қырғыздың ұлттық күресі — қырғыз күресінен жүлдеге ие болды. Бұл спорт түрі бойынша ақтық белдесулер Ыстықкөл жағалауындағы Шолпан-Ата қаласында өтті.

Еске сала кетейік, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылғы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Бішкек қаласы мен Ыстықкөлде өтуде. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында Қостанай облысының атынан төрт спортшы өнер көрсетуде:

Алмас Жұмағали — қырғыз күрөш (күміс жүлдегер);

Иманжүсіп Қуанышбеков — қырғыз күрөш;

Айдын Жәкиев — тоғызқұмалақ;

Саттархан Полат — көкпар.

Алмас Жұмағалиды сәтті өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алуымен құттықтаймыз! Қалған спортшыларымызға Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық ареналарында сәттілік, қайсарлық және жарқын жеңістер тілейміз!

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sport/press/news/details/1285757?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді