Құрылыс объектілерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді растау мәселесі бойынша

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының жаңа Құрылыс кодексі күшіне енді. Аталған Кодекске сәйкес Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелеріне объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде олардың мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларды келісу функциясы жүктелді.

2026 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша аумақтық департаменттерге объектілердің талаптарға сәйкестігі туралы декларацияларды келісуге 318 өтініш келіп түсті.

Олардың ішінде:

  • қаралуда – 113 (35,5%);
  • кері қайтарылған – 84 (26,4%);
  • келісілген – 62 (19,5%);
  • бас тартылған – 51 (16,1%);
  • талап етілмейді – 8 (2,5%).

Өңірлер бөлінісінде келіп түскен өтініштер саны:

  • Алматы қаласы – 63;
  • Жетісу облысы – 26;
  • Қостанай және Павлодар облыстары – 23-тен;
  • Шымкент қаласы – 21;
  • Маңғыстау және Ақмола облыстары – 20-дан;
  • Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары – 19-дан;
  • Қызылорда облысы – 16;
  • Алматы облысы – 15;
  • Ақтөбе облысы – 13;
  • Түркістан облысы – 11;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 8;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 7;
  • Жамбыл облысы – 5;
  • Атырау облысы – 4;
  • Ұлытау облысы – 3;
  • Абай облысы – 2.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/lspm/press/news/details/1285624?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді