
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Рысдәулетов «Атамекен» ҰКП алаңында инженерлік ізденістер саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған кеңеске қатысты.
Кездесуге қатысушылар, оның ішінде бизнес өкілдері саланың түйткілді мәселелерін қарастырды. Тарата айтқанда, бірегей нысандар үшін инженерлік ізденістер нәтижелерінің қолданылу мерзімін ұзарту, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту, сондай-ақ нарықты реттеу тетіктерін жетілдіру мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Сонымен қатар инженерлік ізденістер секторында сала өкілдерін біріктіретін және тиісті жұмыстардың сапасын арттыруға ықпал ететін өзін-өзі реттейтін ұйым (ӨРҰ) құру перспективалары талқыланды.
Сондай-ақ нарықтың кәсіби қатысушылары құрылыс жобаларын іске асыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, нормативтік базаны одан әрі жетілдіру және басқа да мәселелер бойынша пікір алмасты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mps/press/news/details/1285496?lang=ru

Жауап қалдыру