
«Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ мамандары жыл басынан бері Қазақстан Республикасының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 9 азаматқа құқықтық және әлеуметтік қолдау көрсетті.
Орталық мамандарының сүйемелдеуімен тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыстар жүргізіліп, азаматтардың құжаттарын қалпына келтіру және жеке басын куәландыратын құжаттарын рәсімдеу бойынша қажетті шаралар толық жүзеге асырылды.
Көп жылдар бойы құжатсыз өмір сүрген азаматтар бүгінде мемлекеттік қызметтерді алуға, медициналық көмекке жүгінуге, әлеуметтік қолдау шараларын пайдалануға және өз құқықтарын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік алды.
Қазіргі таңда тағы 2 азаматтың құжаттарын реттеу бойынша жұмыстар жүргізіліп, оларға қажетті құқықтық және әлеуметтік сүйемелдеу көрсетілуде.
Орталық мамандарының бұл бағыттағы жұмысы азаматтардың құқықтарын қорғауға, әлеуметтік мәселелерін шешуге және қоғамға толыққанды кірігуіне бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan/press/news/details/1286045?lang=ru

Жауап қалдыру