Қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелері бойынша Әдеп жөніндегі уәкілдің кездесуі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 2 қыркүйекте Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі А.С. Омаров Департамент қызметкерлерімен және оның құрылымдық басқармалармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, Әдеп кодексінің талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі шектеулер мен талаптар, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер шеңберінде мемлкеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына белгіленген тыйымға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік кірістер органдарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, мемлекеттік қызметте адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша қызметкерлерге қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қатаң сақтау, сондай-ақ қызметтік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1285975?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді