САРЫАҒАШ: АҚЖАРДА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысын сапалы жүргізу және тұрғындарға қажетті инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Аудан аумағында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа нысандар бой көтеруде. Солардың бірі – Ақжар ауылдық округінде салынып жатқан медициналық нысан.
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарының орындалу барысын тексерді. Аудан басшысы құрылыс алаңын аралап, нысанның қазіргі жағдайын бағалады. Жауапты мамандардан атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат алып, құрылыс сапасы мен орындалу мерзіміне қатысты мәселелерді пысықтады.
 
Нысанды аралау барысында анықталған кемшіліктерді мердігер ұйым тарапынан 10 қыркүйекке дейін толық жою тапсырылды. Сонымен бірге қалған құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеден кешіктірмей аяқтап, нысанды пайдалануға беру кезінде сапа талаптарының толық сақталуы қажеттігі ескертілді.
 
Қазіргі таңда Ақжар елді мекеніндегі медициналық нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталған. Нысанды пайдалануға дайындау кезеңінде сыртқы аумақты абаттандыру, аумақты ретке келтіру және медициналық құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізілмек.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285552?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді