
Сарыағаш ауданында республикалық маңызы бар «Сарыағаш айналма жолы» автомобиль жолы жобасының қазіргі жағдайы мен алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен өткен жиынға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы Ербол Пірімбетов, «Сине Мидас Строй» ЖШС өкілдері, «Азия Даму» банкінің өкілдері аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қанат Тұрсынбаев, жер қатынастары саласының жауапты мамандары қатысты.
Жиын барысында «Сарыағаш қаласының айналма жолы» жобасы бойынша автомобиль жолының өту бағытының осін түпкілікті нақтылау мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, жолдың жобалық бағыты өтетін аумақтар зерделеніп, жер қатынастарына және жобаны іске асыруға байланысты әкімшілік мәселелер қаралды. Аталған жұмыстарды жүргізу барысында жергілікті жердің ерекшеліктерін және елді мекендердің мүддесін ескеру қажеттігі айтылды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев жобаны іске асыру кезінде жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беруді тапсырды. Сонымен қатар жолдың өту аумағына қатысты ұсыныстарды зерделеп, туындаған мәселелерді тиісті мекемелермен бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті.
Осыған байланысты жауапты бөлімдерге, ауылдық округтер мен қала әкімдеріне жолдың өту аумағын нақтылау және жобаның техникалық шешімдерін зерделеу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1285563?lang=ru

Жауап қалдыру