Шилісай тұрғын алабында 600 орындық жаңа мектеп ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Шилісай тұрғын алабында 600 орындық жаңа мектеп пайдалануға беріліп, алғашқы оқушыларын қабылдады. Мектептің салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысты.
Жаңа оқу жылында мектепке 110 оқушы қабылданды. Оның ішінде 14 оқушы — мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бірінші сынып оқушылары. Жаңа мектептің ашылуы Шілісай тұрғын алабының балаларына заманауи әрі жайлы жағдайда сапалы білім алуға мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымында оқушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Мектепте заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу кабинеттері бар. Атап айтқанда, ер балаларға арналған технология кабинеті түрлі құрал-саймандармен, жабдықтармен және құрылғылармен қамтылған. Бұл оқушыларға теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, еңбек және техникалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
🪇Сонымен қатар балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың шығармашылық және техникалық қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Қосымша білім беру аясында домбыра, би, қолөнер, автомодельдеу және сурет үйірмелері жұмысын бастады. Үйірмелер оқушылардың қызығушылықтарына сәйкес жан-жақты дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуына және бос уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік береді.
Жаңа мектептің пайдалануға берілуі — Шилісай тұрғын алабы үшін маңызды әлеуметтік оқиға. Заманауи білім беру ұйымы балалардың сапалы білім алуымен қатар, өнер, шығармашылық және техникалық бағыттарда қабілеттерін дамытуына мүмкіндік беретін білім мен тәрбие орталығына айналады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-bilim/press/news/details/1285560?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді